
Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Көсе көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты әуежайды кешенді жаңғырту барысымен таныстырды. Ішкі рейстер терминалында (Т1) жүк беру және жолаушыларды тіркеу аймақтары жаңартылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Әуежай президенті Гокер Көсенің айтуынша, Т1 терминалын қайта жаңарту биылғы шілдеде аяқталады. Сондай-ақ келу барысында автотұрақ кеңістігін кеңейту және әуежай жанында қонақ үй кешенін салу жоспарлары ұсынылды.
Халықаралық терминалда (Т2) төбе құрылымдарын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Министр Т2-де әуежай мұражайы мен жедел басқару орталығын (ЦОУА) аралады. Бұл орталық жерүсті қызметтерінің үйлесімін және әуежайдың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Сапар перронда аяқталды, онда жанармай құю кешені мен ұшақтарды мұздануға қарсы өңдеу алаңын қамтитын аэродромдық инфрақұрылым нысандары көрсетілді. Барлық жобалар 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Horizon бас жоспарының бірінші кезеңі аясында жүзеге асырылуда. Жоспарға 130-дан астам инфрақұрылымдық бастама кіреді. Негізгі бағыттар: ұзындығы 4400 метр жаңа жүргізу жолағын салу, бетон жабыны бар ұшу-қону жолағын қайта жаңарту, VIP-перрон мен ұшақ тұрақтарын жаңарту, жаңа жүк перроны мен техникалық қызмет көрсету ангарын құру. Бас жоспарды іске асыру әуежайдың өткізу қабілетін жылына 40 миллион жолаушыға дейін арттырып, 2300-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Кешенді жаңғырту Алматының Еуропа мен Азияны байланыстыратын негізгі авиациялық хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуға бағытталған.
Дереккөз: Inform.kz