...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы әуежайын жаңбыр суы басқан: терминалды су басуға айыппұл салынды

Қазақстан Көлік министрлігінің басшылығы Алматы халықаралық әуежайы әкімшілігімен және құқық қорғау органдарымен бірге терминал шатырының су астында қалуына байланысты жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Азаматтық авиация комитеті әуежайды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Әуежай жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді жою шаралары күшейтіліп, барлық қажетті жұмыстар жедел режимде жүргізілуде.

2026 жылғы 3 мамырда Алматы халықаралық әуежайының терминалдарын жаңбыр суы басқан еді.

Дереккөз: Zakon.kz