Алматы жаңалықтары
1 мамыр: Алматыдағы Бірлік күніне арналған іс-шаралар афишасы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматыда ауқымды мерекелік бағдарлама дайындалды. Негізгі оқиға – Абай алаңында сағат 11:00-де басталатын «Бірлігі жарасқан Алматы» фестивалі.