
1 мамырда Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараға байланысты қоғамдық көлік қозғалысының схемасына өзгерістер енгізіледі. Мұқатай Беспақов көшесінің Жұмабаев көшесінен Павлодар көшесіне дейінгі учаскесінде шектеулер қойылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы көлік холдингінің Telegram-арнасында хабарланғандай, 9 маршруттың қозғалыс схемасы өзгереді. Автобустар солтүстік бағытта: Жұмабаев көшесі – Палладин көшесі – Павлодар көшесі, әрі қарай бұрынғы схемамен жүреді. Кері бағытта: Павлодар көшесі – Палладин көшесі – Жұмабаев көшесі, әрі қарай схема бойынша.
Дереккөз: Nur.kz