Алматыда тау шаңғысы инфрақұрылымын кеңейту жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жоба «Шымбұлақ» пен Oi-Qaragai курорттарын «Медеу» базалық станциясы арқылы бірыңғай жүйеге біріктіруді көздейді. Жаңа 30 канат жолы салынып, 151 шақырым шаңғы трассасы жасалады және қолданыстағы инфрақұрылым жаңғыртылады.
Жоба іске асқаннан кейін тау шаңғысы жүйесінің өткізу қабілеті бес есеге — тәулігіне 6 мыңнан 30 мың келушіге дейін артады.
Сондай-ақ Туризм басқармасы Алматы тау кластерін 2029 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары әзірленіп жатқанын хабарлады. Құжат жеті бағыт бойынша 73 іс-шараны қамтиды және тау инфрақұрылымын дамытуды, бірыңғай тау шаңғысы курорттары жүйесін құруды, жаңа канат жолдарын салуды және туристік маршруттарды дамытуды көздейді.
Жобаны іске асыру шетелдік туристер ағынын екі есеге дерлік — 986 мыңнан 1,7 млн адамға дейін арттыруға, ал туристік салада жұмыспен қамтылғандар санын 101,8 мың адамға жеткізуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
Дереккөз: Almaty.tv