...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы-Қаскелен жолы 8 жолақты болады: құрылыс басталды

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында «Алматы – Бішкек» автомобиль жолының Алматыдан Қаскеленге дейінгі 8 шақырымдық учаскесін кеңейту жұмыстары басталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, жолдың жүру бөлігі 8 жолаққа дейін жеткізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жоба көлік инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыруға, жол желісінің жүктемесін азайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік береді. Кеңейту аясында заманауи инфрақұрылым құрылады: жалпы ұзындығы 527 метр болатын 9 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі, жалпы ұзындығы 282 метр 2 бұрылыс көлік айырғысы, автопавильондары бар 23 автобус аялдамасы, ұзындығы 12,9 шақырым сыртқы жарықтандыру, су өткізу құрылыстары және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи элементтер, 18,5 шақырымнан астам металл тосқауыл қоршауы және 305 жол белгісі орнатылады.

Нысанға қажетті жол-құрылыс техникасы мен жұмыс күші жұмылдырылған: экскаваторлар, бульдозерлер, автосамосвалдар, фронтальды тиегіштер, автогрейдерлер және басқа да арнайы техника. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде — топырақтың құнарлы қабатын алу, жол бөлу жолағындағы жасыл желектерді кесу және құрылыстың келесі кезеңдеріне аумақты дайындау.

«Алматы – Қаскелен» учаскесін жаңғырту қолданыстағы инфрақұрылымдық шектеулерді жоюға және осы бағытта жүк және жолаушылар тасымалының одан әрі өсуіне негіз қалауға арналған, — делінген хабарламада.

Дереккөз: Almaty.tv