
Алматы тұрғыны Ұзақ Ысмағұлов – аты аңызға айналған Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Ысмағұловтың ұлы. Әкесі ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповке «Қазақстан солдаты» романын жазуға шабыт берген. Әкесі қайтыс болған соң, Ұзақ оның соғыс жылдарындағы альбомын жиі парақтайтын. Ал зейнетке шыққан соң, әкесінің әріптестерінің балаларын – өзімен құрдастарын табуға бел буды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ұзақ Ысмағұловтың пікірлестері жоқ, бірақ соғыс батырларының балаларын іздеуге оған жұбайы көмектеседі.
Зейнеткер өз күшімен елдің әр түкпірінде тұратын ардагерлердің 10-ға жуық баласын тауып үлгерген.
Алматылық зейнеткердің арманы – Ұлы Отан соғысы батырларының балаларын бір дастархан басына жинап, олардың әкелерінің ерліктері туралы қоғамға айту.
Zakon.kz Қайырғали Ысмағұловтың өмірі кез келген майданда өткен батырдікіндей ғажайып әрі күрделі болғанын жазған. Дәл сол ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповті көз жасына дейін жеткізген.
Мәскеуден Асылбек Төлешов ерікті түрде 1941-1945 жылдары Қазақ КСР-інен хабарсыз кеткен қызыләскерлердің туыстарын іздеумен айналысады.
Дереккөз: Zakon.kz