Бутаков шатқалында «Көкселденқорғау» ММ бақылаушысы, ТЖМ қызметкері Александр Судариков ауа райының күрт нашарлауына байланысты қиын жағдайда қалған Швейцариядан келген туристке көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Патрульдеу кезінде қызметкер шетелдік саяхатшыны кездестірген. Ол нөсер жаңбырда қатты суланып қалған еді. Қауіпсіздік мақсатында оған бақылау бекетінде қолайсыз ауа райын күтіп тұруды ұсынған.
Келесі күні ауа райы жақсарған соң, бақылаушы туристі асуға дейін шығарып салып, ауыр рюкзагын көтерісуге көмектескен. Осылайша ол қауіпсіз түрде маршрутын жалғастыра алған.
ТЖМ тауға сапарға шықпас бұрын ауа райы болжамымен танысу, физикалық мүмкіндіктеріңізді ескере отырып маршрут таңдау, жақындарыңызға жоспарланған жол туралы хабарлау және қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді. Ауа райы күрт нашарлаған жағдайда туристерге әрі қарай жүруден бас тартып, қажет болғанда көмекке жүгіну ұсынылады.
Дереккөз: Inalmaty.kz