Алматыда ұшақ бортында темекі шеккен шетелдік азаматтар жауапкершілікке тартылды. Бірінші оқиға Сеул – Алматы бағытындағы рейсте тіркелді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
56 жастағы шетелдік азаматты ұшу кезінде әуе қауіпсіздігі талаптарын елемей, әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккені үшін көлік полициясына тапсырды.
Осыған ұқсас бұзушылық Алматы – Шымкент бағытындағы ішкі рейсте де анықталды. Онда ұшу кезінде темекі шегуді ұйғарған шетелдік азаматтар бортындағы тәртіп ережелерін бұзған.
Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе және теміржол көлігі нысандарында 62 639 құқық бұзушылықтың жолын кескені атап өтіледі. Олардың ішінде ең көп таралғандары – алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүрудің 4 575 фактісі, темекі шегуге тыйым салуды бұзудың 2 835 фактісі және басқа да құқық бұзушылықтар.
