Алматыда Сейфуллин даңғылында «фасадтан фасадқа» қағидаты бойынша кешенді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Мұнда тротуарлар жаңартылып, веложолдар салынып, заманауи жарықтандыру құрылғылары орнатылып, жаңа көгалдар отырғызылуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жобаның барысын жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды бағалады. Мамандардың айтуынша, мұндай тәсіл қаланың басты магистральдарының бірін жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілері үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.
Сапар барысында әкім Масанчи көшесін жаңғырту жобасымен де танысты. Жақын арада бұл көшеде жаяу жүргіншілер аймағын кеңейтіп, көгалдандыруды күшейтіп, заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастыру жоспарлануда.
Дереккөз: Almaty.tv