...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қаржы

Доллар бағамы өсіп жатыр: Алматыда 487.5 теңгеден сатылуда

Алматыдағы айырбас пункттерінде АҚШ доллары 487.5 теңгеден сатылуда. 26 маусымдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 486.47 теңгені құрап, 1.16-ға өсті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің 26 маусымдағы ресми доллар бағамы – 485.4 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 485.5 теңге, ал сату бағамы 487.5 теңгені құрап отыр.

Дереккөз: Almaty.tv