...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Сайран көлінде шомылуға тыйым салынды: санитарлық көрсеткіштер сәйкес емес

Алматыдағы Сайран көлінде шомылуға әзірге рұқсат жоқ. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гауһар Қаткенова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, санитарлық қызметтер шомылу маусымында (мамырдан қыркүйекке дейін) қалалық су айдындарының жағдайын үнемі бақылап отырады. Осы кезеңде мамандар тұрақты түрде сынамалар алып, зертханалық зерттеулер жүргізеді, нәтижелері талданып, қажетті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.

«Бүгінгі таңда мониторинг нәтижелері бойынша Сайран көліндегі су жекелеген санитарлық көрсеткіштерге сәйкес келмейді, сондықтан онда шомылуға тыйым салынды», — деп атап өтті Қаткенова.

Департаментте су сапасын зертханалық бақылау тұрақты негізде жалғасып жатқанын қосты.

Дереккөз: Inalmaty.kz