...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жүргізуші автобусты басқарып бара жатып қайтыс болды

Жетісу ауданында қоғамдық көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, қоғамдық көлік жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota маркалы автокөліктерімен соқтығысқан. Алдын ала анықталғандай, жүргізушінің денсаулығы кенет нашарлап, көлік басқаруын жоғалтқан. Өкінішке қарай, ер адам қайтыс болды.

Оқиға мән-жайы анықталып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Дереккөз: Inalmaty.kz