Әйгілі поп-әнші Рики Мартин Instagram-да Алматыға түсірілген видеоны жариялады – бүгін мегаполисте оның концерті өтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Өз профилінің сторисінде Рики Мартин жоғарыдан Алматыға ашылатын көріністі көрсетті. Болжам бойынша, бұл әнші тұрған ғимараттың терезесінен түсірілген.
«Қайырлы таң, Алматы», – деп жазды поп-орындаушы.
Еске салайық, наурыз айында Рики Мартиннің Қазақстанға алғаш рет концертпен келетіні белгілі болды. Ол бүгін, 18 шілдеде, Алматыда өтеді. Өнер көрсету қарсаңында әнші қазақстандықтарға жүгініп, жақында жанкүйерлерімен кездесуді күтетінін айтты. Ал кеше Рики Мартин Қазақстанға ұшып келгенін хабарлап, ұшақтан түсірілген кадрлармен бөлісті.
Дереккөз: Nur.kz