...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Қытайлық турист Алматы тауларында серуендеп жүріп жарақат алды

Алматы тауларында серуендеп жүрген қытайлық турист жарақат алып, құтқарушылар көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, турист тауда екі қызбен бірге болған. Оқиға орнына «БАУ» ҚСП құтқару экипажы жіберілді.

Мамандар топты беткейден тауып, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетті және «Ақия» носилкасымен жедел жәрдем көлігіне дейін түсірді.

Бұған дейін Алматыда үш туристің түнде 3100 метр биіктікте қалып қойғаны хабарланған болатын.