Қазгидромет РМК сайтында жарияланған ескертуге сәйкес, Алматы мен Атырау тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туралы хабарланды. ҚМЖ – бұл зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе ластанудың басқа көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүруі керек.
2026 жылғы 15 шілдеде ҚМЖ Алматыда, түнде – Өскеменде, Риддерде болжамдалған.
Дереккөз: Zakon.kz