...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Қатты тоңып, тау ауруының белгілері байқалған: Алматы тауларынан төрт турист құтқарылды

Үлкен Алматы шыңы маңында, Ғарышстанциядан алыс емес жерде төрт турист адасып, ұзақ уақыт биік тауда болғандықтан қатты тоңып, кейбіреуінде тау ауруының белгілері байқалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алдымен құтқарушыларды бір қыздың жағдайы нашарлағаны туралы шақырған, алайда эвакуациялауға бүкіл топқа тура келген. Іздеу-құтқару операциясы барысында ТЖМ «Барыс» РЖС құтқарушылары туристерді тауып, оларды қауіпсіз жолмен Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырған.

Құтқарушылар туристерді қауіпсіз маршрутпен Апаттар медицинасы орталығы бригадасының кездесу орнына дейін алып жүрді, олар одан әрі тексеру үшін тапсырылды, — делінген ТЖМ хабарламасында.

Дереккөз: Nur.kz