Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысы аяқталып, тау бөктеріндегі аудандардың 10,5 мың тұрғыны сапалы сумен және су бұру қызметімен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Наурызбай ауданындағы Ақжар (2-кезең) және Қарағайлы (1-кезең) шағын аудандарында су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысы аяқталды. Жоба прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен іске асырылды.
— Жоба аясында 43,7 км су құбыры және 40,8 км кәріз желілері салынды, — деп атап өтті Алматы прокуратурасында.
Қазіргі уақытта нысандар пайдалануға берілді. Жаңа инфрақұрылым қаланың тау бөктеріндегі аудандарының 10 500 тұрғынын сапалы сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ведомствоның атап өтуінше, бұл жоба мемлекетке қайтарылған қаражатты әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін тиімді пайдаланудың тағы бір мысалы болды.
Бұған дейін қайтарылған активтердің 226 млрд теңгеден астамы қазақстандықтарды ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталғаны хабарланған болатын.
