Алматыда «Медеу» тау-шаңғы курортына апаратын жолда спорттық карттармен жарыс ұйымдастырған төрт адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында спорттық көліктердің ерекше шеруін көрсететін бейнероликті анықтады.
Полиция департаментінің мәліметінше, жарысқа қатысушылардың барлығының жеке басы жедел анықталған. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін төрт азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық спорттық көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
Полиция жалпы пайдаланымдағы жолдар спорттық техниканы пайдалануға арналмағанын еске салады. Мұндай жарыстар жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және жауапкершілікке әкеп соғады.
Сондай-ақ, екі күн ішінде Алматыда ЖҚЕ бойынша 3,3 мыңнан астам бұзушылық анықталғанын атап өткен жөн.
Дереккөз: Inform.kz
