...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы мен Талдықорғанда ауа райы қолайсыз болады

«Қазгидромет» мамандары 2026 жылғы 7 қарашада Алматы мен Талдықорған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болатынын ескертті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз — желдің басылуы, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты қысқа мерзімді факторлардың қосындысы. Мұндай жағдайда зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналады.

Сонымен қатар «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары дауылды ескерту жариялады. Кейбір өңірлерде аяз -3°С-қа дейін жетеді, көктайғақ пен жауын-шашын күтіледі.