Алматыда екі пышақпен қаруланған ер адамды полиция тұрғындардың «102» арнасына хабарлауынан кейін ұстады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түнгі уақытта «102» арнасына Райымбек даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында екі пышақ ұстаған ер адамды көрген тұрғындар хабарласқан. Патрульдік экипаж бірнеше минут ішінде оқиға орнына жетіп, күдіктіні залалсыздандырып, ұстаған.
«Полицейлердің анықтауынша, бұзушы жұмыссыз, бұрын сотталған, масаң күйде болған ер адам болып шықты. Ол өз әрекетінің себебін түсіндіре алмады», — делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта факті бойынша тексеру жүргізіліп, ұсталған адамның әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Полиция куәгерлерге қырағылық танытқаны үшін алғыс айтып, «102» арнасына уақтылы хабарласу қылмыстың алдын алуға және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетінін еске салды.
Дереккөз: Nur.kz