Алматы – Қонаев трассасында бір топ жігіттің арасында төбелес болып, оқиға видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Кадрларда көрсетілгендей, жас жігіттер көліктерін жолдың шеткі оң жақ жолағына тоқтатып, араларында жанжал шыққан. Бұл басқа жүргізушілер үшін қауіпті жағдай туғызған. Төбелес ұзаққа созылмай, қатысушылар тез арада екі жаққа тарап кеткен.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Nur.kz-ке хабарлағандай, ақпарат белгіленген тәртіппен тіркеліп, оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жеткен.
Тексеру барысында 22 және 19 жастағы жүргізушілер арасында жол жағдайына байланысты ауызша жанжал туындағаны анықталды. Екі қатысушы да жағдайды орнында реттеп, бір-біріне шағымы жоқ екенін айтқан. Оқиға салдарынан ешкім дене жарақатын алмаған, мүліктік залал жоқ, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, полиция департаменті екі қатысушының да ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.
Дереккөз: Nur.kz