...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Маңғыстау-Алматы пойызындағы маскүнем бұзақы пойыздан түсірілді

Маңғыстау-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызында көлік полицейлері маскүнем жолаушының заңсыз әрекеттеріне жол бермеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, пойыз бастығының актісі бойынша Бейнеу станциясында рейстен Қызылорда облысының 47 жастағы тұрғыны түсірілген.

«Ер адам масаң күйде вагон-ресторан директорына бағытталған былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзып, басқа жолаушыларға қолайсыздық туғызған», — деп хабарлады полиция.

Полиция қызметкерлері келгеннен кейін де бұзақы тынышталмай, құқық қорғаушыларға бағынбаған. Оны полиция бөлімшесіне жеткізу кезінде де қарсылық көрсеткен.

Ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша — қоғамдық орында масаң күйде жүру, ұсақ бұзақылық және полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбау — әкімшілік материалдар жасалған.

Сот оны кінәлі деп танып, 25 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындаған.

Дереккөз: Inalmaty.kz