
Алматыда жазғы кубок аясында жастар арасында трамплиннен шаңғымен секіру жарысы өтеді. Бір ай бойы еліміздің әр өңірінде қысқы, ұлттық және жазғы спорт түрлерінен республикалық және халықаралық деңгейдегі турнирлер ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР МТС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда жазғы кубок аясында жастар арасында трамплиннен шаңғымен секіру жарысы өтеді. Ұлттық спорт түрлері бойынша көкпар, асық ату, жамбы ату, теңге ілу және қазақ күресінен ел чемпионаттары мен халықаралық турнирлер жоспарланған.
Сонымен қатар, жазғы спорт түрлері кеңінен ұсынылған. Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Тараз және Өскемен қалаларында таеквондо, регби, садақ ату, синхронды жүзу, спорттық альпинизм, жүзу, күрес түрлері және бадминтон бойынша жарыстар өтеді.
Жамбыл облысында ауылдық спорт мектептері командалары арасында Қазақстан чемпионаты, ал Таразда ерлер мен әйелдер арасында көгалдағы хоккейден республикалық біріншілік өтеді.
Дереккөз: Almaty.tv