...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Курьерлік жүктеме: Алматыда автокөлік багажнигінен ірі партия табылды

Алматыда Бостандық ауданында түнгі патрульдік кезекшілік кезінде «Буран-422» экипажы ірі олжаға тап болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланғандай, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін «Буран-422» экипажы Hyundai автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің мінез-құлқы полицейлердің күдігін тудырып, тексеру кезінде багажниктен қорап табылған.

«Ер адамның айтуынша, ол курьер болып жұмыс істеп, жүкті көрсетілген мекенжайға жеткізіп жүрген. Алайда қораптың ішінде Қазақстанда айналымына тыйым салынған ірі партия вейптер болған», — деп мәлімдеді Алматы ПД.

Осы факті бойынша Бостандық ауданы ПБ-ға қарасты полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер тауардың шығу тегін, нақты иесін, сондай-ақ жеткізу және өткізу арналарын анықтап жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Дереккөз: Nur.kz