...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды

Алматыда телеарналар мен басылымдардың қызметкерлеріне жалпы саны 15 пәтердің кілттері табысталды. Пәтерлер Qazaqstan, «Хабар», «Евразия», «КТК», «31 канал», «Қазақ газеттері» ЖШС, «Жас Алаш», «Время», «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» басылымдары мен «Шалкар» радиосының қызметкерлеріне берілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Президенттік бастамалар қоры Dara ұйымдастырған іс-шараға президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Әйбек Смадияров қатысып, алматылық әріптестерін қоныс тойымен жеке құттықтады.

2026 жылы БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер беріледі, оның 15-і Астанада, 15-і Алматыда, ал 18 өңірдің әрқайсысына 2 пәтерден тиесілі.

Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаждар тізімін жасау Президенттік бастамалар қоры Dara, Президент істері басқармасы, жергілікті атқарушы органдар және бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларымен бірлесіп жүргізілді.

Айта кетейік, соңғы үш жылда президент атынан тұрғын үй сертификаттарының иегерлері 200 БАҚ қызметкері болды.

Дереккөз: Zakon.kz