26 маусым 2026 жылы Алматы қаласындағы Орталық демалыс саябағында есірткіге қарсы күрес айлығы аясында «Taza Tandau Fest» фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің зияны туралы ақпарат беру және қоғамның назарын өзекті мәселеге аудару.
Фестиваль аясында қатысушыларға арналған түрлі мәдени-танымдық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Қонақтарды арнайы көрсетілімдер, шығармашылық бағдарламалар, интерактивті алаңдар мен жастарға арналған белсенді шаралар күтті.
«Taza Tandau Cup» спорттық жарыстарының жеңімпаздары марапатталды;
Алматы қалалық полиция департаменті мен Медеу ауданы әкімдігі өкілдерінің құттықтау сөздері айтылды;
Психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологтары есірткіге тәуелділіктің зияны және оның алдын алу жолдары туралы дәрістер өткізді;
Айлық аясында өткізілген іс-шаралар туралы бейнеролик көрсетілді;
СОБР арнайы жасағы мен кинологиялық қызметтің әсерлі көрсетілімдері ұсынылды;
Блогерлердің қатысуымен көрермендерге арналған танымдық викторина ұйымдастырылды;
Қазақстандық әртістердің қатысуымен концерттік бағдарлама өтті, ал DJ MVYVWER музыкалық атмосфера жасады.
Дереккөз: Almaty.tv