...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Казгидромет алматылықтар мен атыраулықтарға ескерту жасады

«Казгидромет» РМК Алматы және Атырау қалаларының тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туралы ескертті. Бұл туралы мекеменің сайтында жарияланған хабарламадан белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның жер бетіне жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүруі керек.

Бұған дейін «Казгидромет» 2026 жылғы 20 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялаған болатын. Синоптиктер Астана және Қазақстанның 14 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары туралы ескерткен еді.

Дереккөз: Zakon.kz