2026 жылғы 13 қарашада бірқатар қалада ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы және Астана қалаларында болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) — атмосфераның жер үсті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.
Сонымен қатар «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары дауылды ескерту жариялады. Ауа райының қолайсыздығы бүкіл Қазақстанды қамтиды.
