Алматыдағы Есентай өзенінің жағалауында қала тұрғындары мен қонақтарының назарын «Тауыс» атты авторлық композиция аударуда. Eco Almaty мәліметінше, көлемді топиарлық құрылыстың биіктігі 2,5 метр, ал серуен аймағы бойымен 30 метрге созылған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Гүлді қауырсындар целезия, петуния, цинерария және альтернантерадан қалыптастырылған. Өсімдіктер мен қанық реңктердің үйлесімі композицияға мәнерлілік беріп, оны жағалауды көгалдандырудағы байқаларлық екпінге айналдырды.
«Тауыс» сұлулықтың, сымбаттылықтың және табиғи әртүрліліктің символы ретінде ойластырылған. Композиция қоғамдық кеңістікке органикалық түрде еніп, Есентай бойындағы серуен маршрутының танымал фотозоналарының біріне айналды,
Гүлді тауысты Есентай өзенінің жағалауындағы Горный Гигант шағын ауданынан көруге болады.
Дереккөз: Almaty.tv
