...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда дүкен маңынан бірнеше минутта велосипед ұрланды

Алматыда полицейлер Қайрат шағын ауданындағы дүкен маңынан ұрланған велосипедтің иесін тапты. Ведомство мәліметінше, түннің бір уақытында иесі велосипедті сауда нүктесінің жанында қараусыз қалдырып кеткен. Оралғанда көлік жоғалып кеткенін анықтап, полицияға хабарласқан, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жедел уақытта бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, ұрлыққа екі ер адамның қатысы бар екенін анықтаған. Іргелес аумақты тексеру кезінде күдіктілердің бірін ұстауға мүмкіндік туды. Ұсталған адам ұрланған велосипедті жасырған жерді көрсеткен. Көлік табылып, алынды.

Ұрлық фактісі бойынша Түрксіб ауданы полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта екінші күдіктінің орнын анықтап, ұстау шаралары жалғасуда.

Дереккөз: Inalmaty.kz