...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Есентай өзенінде мұнай өнімдері табылды: экология департаменті не деді

Алматыдағы Есентай өзенінің ластануына қатысты экология департаментінің басшысы Дінмұхамед Лесбеков брифингте жауап берді. Зерттеу қорытындысы бойынша өзеннен мұнай өнімдері табылған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Үлкен және Кіші Алматы, Ақсай, Бақарас өзендері мен Сайран көлінде ластану анықталмаған.

«Өкінішке қарай, мезгіл-мезгіл, жыл сайын дерлік Алматы өзендерінде осындай жағымсыз құбылыстарды тіркейміз – мамандарымыз зертханалардан құқық бұзу орындарына барып, су сынамаларын алады және, өкінішке қарай, ластаушы заттарды анықтайды. Есентай бойынша аудандық әкімдікпен және коммуналдық қызметтермен бірге аралап шықтық, бірақ ластану көзін таба алмадық», – деді департамент басшысы.

Еске салайық, 2025 жылдың тамызында Есентай өзеніндегі судың түсі қоңырға боялған еді.

Дереккөз: Nur.kz