Алматыда түнде құтқарушылар тауда серуендеп жүріп, байланысқа шықпай қалған төрт жасөспірімді тауып, ата-аналарына тапсырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бостандық ауданындағы ҚҚСМ «Барыс» құтқару қызметінің құтқарушылары жасөспірімдерді іздеуге кіріскен. Олар Өткел (Алмаарасан) шатқалында жоғалып кеткен. Байланысқа шықпай қалғаннан кейін хабарлама түскен.
Болжамды іздеу ауданын анықтауға жасөспірімдердің бірі бұрын жіберген бейнежазба көмектескен. Байланыстың болмауына және олардың геолокациясын анықтай алмауына қарамастан, құтқарушылар таулы жерді жедел тексеріп шыққан.
«Іздеу-құтқару операциясының нәтижесінде төрт жасөспірім хижинадан жоғары, Терра алаңының маңынан табылды. Медициналық көмек қажет болмады», — делінген хабарламада.
Іздеу аяқталған соң құтқарушылар жасөспірімдерді тау маршруты бойымен етегіне дейін алып барып, ата-аналарына тапсырған.
Дереккөз: Nur.kz