Энрике Иглесиастың Алматыдағы концертінен кейін қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
5 қыркүйекте Орталық стадионда өтетін Энрике Иглесиастың концерті кезінде Алматыда қоғамдық көлік, оның ішінде метрополитен де әдеттегі режимде жұмыс істейді.
Көрермендердің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі үшін концерт аяқталғаннан кейін 50 тегін автобус ұйымдастырылады. Олар Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесі жағынан стадионнан жөнелтіледі.
Шаттл-бағыттар келесі бағыттар бойынша қатынайды:
- Орбита шағын ауданы;
- Алматы-1 теміржол вокзалы;
- Райымбек — Алатау;
- «Алматы Арена».
Қосымша шаттл-бағыттардың іске қосылуы жолдардың шамадан тыс жүктелуін болдырмауға және қала тұрғындарының барлығына жайлы жүру жағдайын қамтамасыз етеді.
Алматы тұрғындары мен қонақтарына Орталық стадионға дейінгі және кері бағыттағы жолды алдын ала жоспарлау, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану ұсынылады.
Энрике Иглесиастың Алматыдағы концерті 5 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді. Іс-шараның басталуы 20:00-ге жоспарланған.
Әлемге әйгілі испан әншісі Энрике Иглесиас 3 қыркүйекте Астанада өнер көрсеткенін еске саламыз.
