...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда заңсыз берілген 649 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Алматыда билбордтарды пайдалану мен күтіп-ұстауға бұрын берілген 649 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қала прокуратурасына сілтеме жасап.

Қадағалау органының мәліметінше, 2004-2020 жылдар аралығында Алматы әкімдігі жалпы пайдаланудағы жерлер құрамынан учаскелерді алып тастап, оларды сауда-саттықсыз жеке меншікке берген.

Прокуратураның дерегінше, жер учаскелері жер заңнамасының талаптарын бұза отырып сатылған.

Прокуратура ұсынымын орындау үшін берілген Алматы жер ресурстарын басқару департаментінің талап-арызын сот қанағаттандырды.

Нәтижесінде жол бөлу жолағындағы жеке меншікте болған 649 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Олардың жалпы ауданы 0,298 гектарды құрайды.

Бұған дейін Көкшетауда құны шамамен 70 млн теңге болатын жерлер мемлекетке қайтарылғаны хабарланған еді.