...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Экологтар Almaty SuperSki тау шаңғы кластері қоршаған ортаға зиян келтірмейтінін анықтады

Экологтар Almaty SuperSki тау шаңғы кластері қоршаған ортаға зиян келтірмейтінін анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, ғалымдар мен экологтар зерттеу жүргізіп, тау шаңғы кластерінің табиғатқа ешқандай зиян келтірмейтінін анықтаған. Алайда бұл жоба туристер ағынын едәуір арттыруға көмектеседі. Жоба аясында 60 шақырым тау шаңғы трассасын салу жоспарланған, оған күніне 10 000 адам бара алады. Сондай-ақ 11 заманауи канатты жол және қажетті инфрақұрылым нысандары салынады.

«Министрлік ғалымдармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетекші мамандармен бірге жан-жақты ғылыми зерттеу жүргізді. Нәтижесінде жобаның қоршаған ортаға теріс әсер етпейтіні анықталды. Сонымен қатар министрлік жобаны қолдайды және оны іске асыру барысында экологиялық нормалардың сақталуын бақылауды жалғастырады», — деді ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Дереккөз: Almaty.tv