...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда ұшақ бортында бүлік шығарған жолаушы жазаланды

Алматы әуежайында көлік полициясы қызметкерлері Петропавл – Алматы бағытындағы әуе рейсінің жолаушысын жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Polisia.kz. Ол масаң күйде ұшақ бортында қоғамдық тәртіпті бұзған. Оқиға рейс Алматы әуежайына келгеннен кейін болды. Көлік полициясы әуекомпания өкілдерінен 63 жастағы алматылық ер адамды қабылдады, ол ұшу кезінде агрессивті мінез танытқан, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, ер адам әуе кемесінің бортында масаң күйде болған, экипаж мүшелерінің заңды талаптарын орындамаған, былапыт сөйлеген және басқа жолаушыларға қолайсыздық туғызған.

Жасаған құқық бұзушылықтары үшін ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің үш бабы бойынша – қоғамдық орында масаң күйде болу, әуе кемесінде жүріс-тұрыс ережелерін бұзу және ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар сотқа жіберілді, ол іс бойынша түпкілікті шараларды қабылдайды.

Дереккөз: Inalmaty.kz