Әлемге әйгілі актер Джеки Чан Алматыға келді. Салтанатты шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық киноиндустрия өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Вице-премьер қонақты қарсы алып, оның қазақстан-қытай қарым-қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Кездесу барысында Джеки Чан Алматының дарынды жас суретшілерімен және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері – жас кинематографистермен сөйлесті. Ол шығармашылық жолда табыс тілеп, үнемі даму мен өз ісіне деген сүйіспеншіліктің маңыздылығын атап өтті. Кездесу естелігі ретінде балалар атақты актерге оның портреттерін сыйға тартты.
Шараның шарықтау шегі – дәстүрлі кинотарелкамен естелік фотосурет, ол түсірілім процесінің басталуының жалпы қабылданған әлемдік символы болып табылады және фильм өндірісінің ресми стартын белгіледі.
Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен қытайлық мемлекеттік China Film Group Corporation кинокомпаниясының қолдауымен жүзеге асырылады. Фильм өндірісін қазақстандық Sәlem Entertainment және гонконгтық Billion Target компаниялары жүргізеді.
Фильмнің түсірілімі Қазақстан аумағында 2026 жылдың шілдесінен қазан айына дейін қазақстандық режиссер-қоюшы Роберт Кунның жетекшілігімен өтеді. Картина кең халықаралық прокатқа бағытталған. Негізгі түсірілім алаңдары Алматы, Алматы және Маңғыстау облыстары болады.
Жоба Қазақстан үшін стратегиялық және имидждік сипатқа ие. Оны іске асыру елдің мәдени, туристік және инвестициялық әлеуетін ілгерілетуге, кинотуризмді дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанды ірі әлемдік киножобаларды түсіруге арналған заманауи алаң ретінде танымалдылығын арттыруға ықпал етеді.
Дереккөз: Zakon.kz