Алматыдағы айырбас пункттерінде американ валютасын 474.5 теңгеден сатып жатыр. 30 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген курсы 474.63 теңгені құрап, 2.38-ге төмендеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің 30 шілдедегі ресми доллар курсы 476.75 теңгені құрайды. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу курсы 474.6 теңге, сату курсы 476 теңге.
Дереккөз: Almaty.tv
