Қазақстанға +44°C-қа дейін ыстық келе жатқаны туралы бұған дейін хабарланған болатын. Енді Алматыда да ауа температурасы +39°C-қа дейін жетеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 31 шілдеде ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +35…+37°C болады. Жел секундына 12 метрге дейін жетеді. 1 тамызда түнде +22…+24°C, күндіз +33…+35°C, қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. 2 тамызда түнде +20…+22°C, күндіз +31…+33°C, түнде жаңбыр, найзағай болады.
Алматы облысында 31 шілдеде түнде +19…+21°C, күндіз +32…+34°C; 1 тамызда түнде +21…+23°C, күндіз +35…+37°C; 2 тамызда түнде +21…+23°C, күндіз +37…+39°C болады.
Түркістан облысында 31 шілдеде желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді, түнде +22…+24°C, күндіз +39…+41°C; 1 тамызда түнде +22…+24°C, күндіз +40…+42°C; 2 тамызда түнде +22…+24°C, күндіз +40…+42°C болады.
Дереккөз: Zakon.kz
