
8 мамырдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген курсы 461.26 теңгені құрады, бұл 2.08-ге төмендеген. Алматы айырбас пункттерінде американ валютасын 465.5 теңгеден сатып жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, доллар бағамы күрт төмендеді. Ұлттық банктің 8 мамырдағы ресми курсы – 463.41 теңге.
kurs.kz дерегі бойынша, қазіргі уақытта Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы – 464 теңге, ал сату бағамы – 465.5 теңге.
Дереккөз: Almaty.tv