
Алматыда Отан қорғаушылар күніне орай ресми іс-шаралардан кейін Роза Рымбаева мен Талғат Құзембаевтың әндері, қазақ батырларының театрландырылған шайқастары және заманауи хореография қосылған бай мәдени бағдарлама ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Концертке еліміздің үздік өнерпаздары қатысты. Көрермендермен бірге ерлік пен намыс туралы қойылымдарды қала әкімі Дархан Сатыбалды да тамашалады. Шараның соңында болашақ қорғаушыларды тәрбиелеп жүрген әскери қызметшілер мен педагогтар марапатталып, оларға алғыс хаттар табысталды.
«Менің көңіл-күйім өте көтеріңкі. Бізде Алматыда 7 мамыр гүл шоқтарын қоюмен аталып өтті, міне, осындай салтанатты жағдайда. Мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері бүгінгі таңда барлық әлемдік талаптарға жауап беретініне сенімдімін», — деді «Генералдар кеңесі» РҚБ төралқасының төрағасы Бексұлтан Сәрсеков.
Дереккөз: Almaty.tv