Алматыдағы айырбас пункттерінде американ валютасын 489 теңгеден сатып жатыр. 19 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 488.18 теңгені құрап, 0.45-ке өсті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің 19 маусымдағы ресми доллар бағамы 487.73 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 488 теңге, сату бағамы 489 теңге.
Дереккөз: Almaty.tv
