...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда LRT құрылысы басталады: Момышұлы көшесінде жол жабылады

Алматыда LRT құрылысының басталуына байланысты Момышұлы көшесінде уақытша жол шектеулері енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Момышұлы көшесінің Мөңке би көшесінен Төле би көшесіне дейінгі учаскесінде екі ортаңғы жолақ көлік қозғалысы үшін жабылады. Сонымен қатар, қоғамдық көлікке арналған бөлінген жолақ жұмыс істемейді, ал оған шығуды бекіту камералары тіркемейді.

Жүргізушілерге маршрутты алдын ала жоспарлап, осы учаскеде қозғалыстың қиындауын ескеру ұсынылады, — делінген әкімдік хабарламасында.

Жеңіл рельсті көлік желісінің бірінші кезегінің маршруты: Момышұлы көшесі — Төле би көшесі — Абылай хан даңғылы — «Алматы-2» теміржол вокзалы. Депо Алатау ауданындағы Индустриалды аймақтың оңтүстік бөлігінде орналасады. Бірінші кезектің ұзындығы — 18,3 км.

Дереккөз: Nur.kz