
Хип-хоп әлемінің аңызы Баста Раймс Алматыда өткен халықаралық SOLANA фестивалінде сөз сөйлеп, әлеуметтік желіде көрермендерге ризашылығын білдірді. Рэпер Instagram парақшасында концерттен кадрлар жариялап, қазақстандық жанкүйерлермен кездесуді қайталау керектігін айтты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Баста Раймс Орталық стадионда өткен фестивальдің алғашқы шоуына жиналған 50 мыңнан астам адамды «ертегідей энергия» деп атады. «Барлық керемет адамдарға үлкен респект! 50 мыңнан астам адам — толық солд-аут! Сіздерге махаббатыңыз үшін рахмет! Біз мұны қайталауымыз керек, жақын арада», — деп жазды ол.
«Огромный респект всем невероятным людям, которые пришли с этой бешеной энергией в па первое шоу фестиваля. Более 50 тыс. человек, полный солд-аут! Спасибо вам всем за любовь! Мы обязаны повторить это снова, совсем скоро», — деп жазды рэпер.
Жанкүйерлер әртіске еңбектері үшін алғыс айтып, оны фестивальдің үздік орындаушысы деп атады. «Қазақстанға қош келдіңіз», «Баста Раймс ең жақсы болды. Бұл харизма мен энергия — керемет нәрсе», «Қайтыңыз, қазақстандықтар сізді жақсы көреді», «Аңыз. Үлкен рахмет. Міндетті түрде қайтыңыз, біз күтеміз», — деп жазды олар.
Дереккөз: Nur.kz