...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Астанада жаңбыр мен суық, Алматы мен Шымкентте аптап ыстық: үш күндік ауа райы болжамы

Астанада 13-15 қыркүйек аралығында жаңбыр жауып, күн суытады, ал Алматы мен Шымкентте құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астанада 13 қыркүйекте ауа райы айнымалы бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз екпінді жел соғады. Түнде ауа температурасы +11…+13°C, күндіз +20…+22°C болады. Жел секундына 9-14 метр, кейде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

14 қыркүйекте ауа райы айнымалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10…+12°C, күндіз +18…+20°C. Жел секундына 9-14 метр, екпіні секундына 15-20 метр.

15 қыркүйекте ауа райы айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C. Жел секундына 7-12 метр, екпіні секундына 15-18 метр.

Алматыда 13 қыркүйекте ауа райы айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C. Жел секундына 3-8 метр.

14 қыркүйекте ауа райы айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +17…+19°C, күндіз +31…+33°C. Жел секундына 3-8 метр.

15 қыркүйекте ауа райы айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +17…+19°C, күндіз +29…+31°C. Жел секундына 3-8 метр.

Шымкентте 13 қыркүйекте ауа райы айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C. Жел секундына 8-13 метр.

14 қыркүйекте ауа райы айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C. Жел секундына 8-13 метр.

15 қыркүйекте ауа райы айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C. Жел секундына 8-13 метр.

Бұған дейін «Қазгидромет» Алматы мен Ақтөбе тұрғындарын ауаның ластануы мүмкін екені туралы ескерткен болатын.