Астанада 31 қазан мен 1 қарашада түнгі температура -3°С-қа дейін төмендейді, ал Алматы мен Шымкентте ауа райы жылы болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі ұсынған 31 қазан мен 1-2 қарашаға арналған жаңартылған болжамға сәйкес, Астанада үш күн бойы ашық ауа райы сақталады.
31 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°С, күндіз +9…+11°С.
1 қарашада да айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс желдің жылдамдығы түнде 2-7 м/с, күндіз 5-10 м/с. Температура түнде -1…-3°С, күндіз +9…+11°С.
2 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +6…+8°С.
Алматыда 31 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс желдің оңтүстік-батысқа ауысуымен жылдамдығы 3-8 м/с. Температура түнде +1…+3°С, күндіз +12…+14°С.
1 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Температура түнде +1…+3°С, күндіз +12…+14°С.
2 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс, шығыс желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Температура түнде +2…+4°С, күндіз +14…+16°С.
Шымкентте 31 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Температура түнде +5…+7°С, күндіз +20…+22°С.
1-2 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Температура түнде +6…+8°С, күндіз +20…+22°С.
