Алматыда қозғалыстағы көліктен бала ойыншық тапаншаны автобусқа қарай бағыттаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиғаның бейнежазбасын полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтаған.
Түсірілімде бала қозғалыстағы автомобильден ойыншық тапаншаны автобусқа қарай бағыттағаны көрінеді. Полиция бұл әрекетті тексеріп, көлік жүргізушісіне қатысты шара қолданды.
Тексеру қорытындысы бойынша жүргізушіге айыппұл салынды.
