Алматыда тұрғын үй кешенінің қабырғасына өз «қолтаңбасын» қалдырғысы келген қыз әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға Назарбаев даңғылы бойындағы «Райымбек» тұрғын үй кешенінде кешкі уақытта болған. Жетісу ауданы полиция басқармасының қызметкерлері ғимарат қабырғасына жазу жазып кеткен қызды анықтады.
Полицейлер ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік материал жинап, оны сотқа жолдады. Сот қаулысымен қыз кінәлі деп танылып, оған бес тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Бұған дейін ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында оқиға туралы бейнежазба жарияланған болатын.
