Астанада 4 қазаннан бастап жаңбыр қарға ұласады, ал Алматы мен Шымкентте жылы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 4 қазанда ауыспалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн соңында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Түнде ауа температурасы +8…+10°C, күндіз +8…+10°C, одан әрі төмендейді. Жел 9-14 метр/секунд, күндіз екпіні 15-20 метр/секундқа жетеді.
5 қазанда бұлтты, жаңбыр мен қар жауады. Түнде 0…+2°C, күндіз +3…+5°C. Жел 15-20 метр/секунд, екпіні 23-28 метр/секунд, күндіз кейде 30 метр/секунд және одан жоғары.
6 қазанда бұлтты, жаңбыр мен қар. Түнде 0…+2°C, күндіз +2…+4°C. Жел 15-20 метр/секунд, түнде екпіні 23-28 метр/секунд.
Алматыда 4 қазанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +12…+14°C, күндіз +26…+28°C. Жел 3-8 метр/секунд.
5 қазанда бұлтты, жаңбыр, кейде қатты. Түнде +8…+10°C, күндіз +12…+14°C. Жел 3-8 метр/секунд, кейде екпіні 15-18 метр/секунд.
6 қазанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +5…+7°C, күндіз +13…+15°C. Жел 3-8 метр/секунд.
Шымкентте 4 қазанда ауыспалы бұлтты, жаңбыр және найзағай, кейде қатты жаңбыр. Түнде +15…+17°C, күндіз +15…+17°C. Жел 8-13 метр/секунд, екпіні 15-20 метр/секунд.
5 қазанда ауыспалы бұлтты, түнде жаңбыр, күндіз жауын-шашынсыз. Түнде +8…+10°C, күндіз +13…+15°C. Жел 8-13 метр/секунд, екпіні 15-20 метр/секунд.
6 қазанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C. Жел 8-13 метр/секунд.
Бұған дейін «Қазгидромет» 4 қазанға арналған дауылды ескерту жариялаған. Синоптиктер Шымкентте, Алматы тауларында және ҚР барлық 17 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары туралы ескертті.
Синоптиктер Шымкентте, Алматы тауларында және ҚР барлық 17 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары туралы ескертті.
